Өнім

"Мен сенбеймін": Қазақстандық журналист Грузияда өлі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық журналист Жанбота Төлеген Грузияда қайтыс болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист Назира Дәрімбеттің айтуынша, Жанбота Төлеген мамыр айының соңында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен.

20 мамырда ол әріптестеріне Алматыдағы іс-шараға қатысатыны туралы айтқан. Ал 21 мамырда Грузияның Телави қаласында оны өлтіріп кеткен деп болжанып жатыр.

"Жанботаның сыныптастары оның 21 мамырда Грузияда Телави қаласында өлтірілгенін хабарлады!!! Сұмдық! Мен сенбеймін, бұл қалай болғаны? Ол қалай сол жерде болған?"- деп жазды Дәрімбет.

Әріптесі Жанботамен бірге туысы тұрғанын айтады.

"Мен онымен бірге 30-35 жастағы туысқан жігіт тұрғанын білемін. Мен оның мекен-жайын, үйін, көлік нөмірін білдім. Міне, 28 мамырда мен оның үйіне бардым, бұл туысы есікті әрең ашты және Жанботаның бір аймаққа кеткенін, бірақ қайда және не үшін екенін нақты айтпағанын жеткізді. Ол телефонын сындырып алғанын айтты. Жақында қайтып келетінін және менің келгенімді хабарлайтынын айтты. Содан кейін маған хабарласады деді. Жігіт өзінің телефон нөмірін беруден бас тартты. Бұл туысын онымен бірге бірнеше рет көрдім. Аздап біртүрлі адам сияқты көрінген. Мүмкін мен қателесіп те отырған шығармын. Білмеймін", - деген уайымын жазған.

Қазақстандық мемлекеттік органдар кісі өлтіру туралы ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Алайда желіде ҚР Грузиядағы консулы Еран Әбішевтің атынан жазылған құжат пайда болды. Онда 21 мамырда Телавиде Жанбота Төлегенді өлтіріп кеткені жазылған. Грузия Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды ("қасақана кісі өлтіру" - ред.).

Журналистің қайтыс болғаны туралы оның туыстары да хабарлады. 2 маусымда Жанбота Төлеген Қоянды ауылында жерленген екен.

Фото: Назира Дәрімбеттің фейсбук парақшасынан

Фото: Назира Дәрімбеттің фейсбук парақшасынан