Bugin

Астанадағы Forte Bank-ке шабуыл жасалды ма - Полиция түсінік берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желіде елордадағы Forte bank бөлімшесін пышақпен қаруланған ер адамның тонамақ болғаны туралы видео таралды. Полиция оқиғаға түсінік берді.

Әлеуметтік желіде Астанадағы Forte bank бөлімшесін пышақғы бар ер адамның тонамақ болғаны туралы видео таралды. Куәгерлердің сөзінше, күзетші шабуылшыны тоқтатқан. 

Астана полициясы жағдайға қатысты түсінік берді. 

“Республика даңғылында орналасқан ForteBank-те азаматтардың кепілге алынбақ болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл нысанда жедел әрекет ету тобы экипажының қызметкерлері жаттығулар өткізді. 
Полиция департаменті азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды”,
– делінген хабарламада. 

Forte Bank банктің баспасөз қызметі де деректі растамады.

"Банктің қауіпсіздік қызметі арнайы жаттығулар өткізді, бұл туралы бөлімшеде болғандардың барлығына хабарланды", – деп жауап берді банк.

Еске салсақ, 18 маусымда Астанадағы " Kaspi банк" филиалын белгісіз біреу басып алды. Тапаншаға ұқсас зат ұстаған ер адам 7 адамды кепілге алып, бірнеше талап қойды. 

Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 261-бабы, 2 бөлігі (Адамды кепілге алу) бойынша тіркелді. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.