Bugin

Заманауи құлдық: Жаңа деректер не дейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХХІ ғасырдағы құлдық – өткеннің сарқыншағы, ХІХ ғасырдың аяғында мүлде ұмыт болған адамзат тарихының қаралы парағы сияқты. Соған сәйкес, жүргізілген зерттеулер мен Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі көңілсіз нәтиже көрсетті. 2022 жылғы есеп бойынша құлдардың саны 50 миллион адамға дейін өскен. Зерттеу Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Халықаралық Көші-Қон Ұйымы (ХКҰ) және Walk Free Foundation құқық

Тұтқында жүрген әйелдердің саны ерлерге қарағанда көбірек 

Құқық қорғау ұйымдарының есебіне сәйкес, құлдық деңгейі 2017 жылмен салыстырғанда 25%-ға өскен. 28 миллионға жуық адам құлдықта жұмыс істейді, тағы 22 миллион адам еріксіз некеге тұрып, жыныстық қанаушылыққа ұшырауда. Демек көрсетілген нәтиже бойынша қазіргі құлдардың көпшілігі әйелдер мен қыздар. 

Зерттеушілер құлдықта жүргендер санының өсуін пандемиямен байланыстырады. Осы кезеңде сексуалдық құлдықта болғандар саны 6,6 миллионға өскен. Құрбандар оқшаулаудан туындаған қаржылық қиындықтарға байланысты қанауға ұшыраған. 

Еңбек құлдығы

Еңбек құлдығы жеке секторда және мемлекеттік мәжбүрлі еңбекте де бар. Оның құрбандары әлемде 3,9 миллион адамды құрайды. Осы орайда зерттеушілер Қытайдың Шыңжаң аймағын ерекше атап өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебіне сәйкес, жүздеген мың ұйғырлар мен басқа да ұлт өкілдері еңбек лагерлерінде қамауда. Олар бұл жерде өз еркімен және қауіпті жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр. Алайда Қытай өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып отыр.

Мәжбүрлі еңбек Солтүстік Корея мен Пәкістанда да кең тараған. Тұтқындар немесе наразылық білдірушілер жұмыс істеуге мәжбүр болатын елдер тізімінде Ботсвана, Молдова, Катар және Филиппин де бар. 

brodude.ru

brodude.ru

Солтүстік Корея 

2018 жылы жүргізілген жаһандық құлдық индексі бойынша Солтүстік Корея құлдар саны бойынша көш бастап тұр. Елде 25,2 миллион адамға шаққанда 2,6 миллион құл бар. Бұл шамамен 1000 адамға шаққанда 104,56. 2015 жылы БҰҰ тергеушісі Марзуки Дарусман 50 000 солтүстік кореялық тау-кен, ағаш кесу, тоқыма және құрылыс салаларында жұмыс істеу үшін шетелге жіберілгенін анықтады. 

Олардың жұмысы ел үкіметіне жылына 2,3 миллиард долларға жуық табыс әкелу. 

Пәкістан 

2018 жылы жаһандық құлдық индексі бойынша 189 миллион адамның 3,1 миллионы құлдар. Құлдықтың ең көп тараған түрі – ауылдық жерлердегі кірпіш зауыттарындағы еңбек шарты. Мұндағы еңбек шарты бойынша жұмысшы қайтыс болса, оның балалары қарызын өтеуі керек. Демек, олар да құлдыққа түседі деген сөз.