Спорт

Үш дүркін «Қазақстан Барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Құтты болсын!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үш дүркін «Қазақстан Барысы» атанған палуан Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы. Бұл туралы палуанның алғашқы бапкері Елдос Далабаев мәлімдеді.

«Бейбіт Ыстыбаев Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының директоры қызметіне кірісті», – деп жазды Елдос Далабаев өзінің Instagram желісіндегі парақшасына.

Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Ыстыбаев — қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы. 2011 жылы республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінде күміс жүлдені қанжығаласа, ал 2012 жылы финалда Шалқар Жоламановты жеңіп, «Қазақстан Барысы» барысы атанды. Араға үш жыл салып, екі дүркін «Қазақстан Барысы» болды. 2015 жылы финалда Руслан Әбдіразақовты жеңген. Бір жылдан соң ақтық белдеусде Жұманазар Ерсұлтановтан ұпай санымен басым түсіп, үшінші мәрте «Қазақстан Барысы» жарысында топ жарды.