Bugin

«Путин тығырыққа тірелді» - генерал Ресейдің ядролық қару қолдану қаупін бағалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы ядролық қару қолданатын болса, әлем Ресейге соққы береді. Бұл пікірді Украина Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы басшысы, Украина армиясының генералы Микола Маломуж айтты.

«Путин қазір тығырыққа тірелді. Соғыста жеңілсе, режимі бітетінін жақсы түсінеді. Сондықтан ол осы соғыстан шығу үшін барлық ресурстарды жасауға тырысуда. Соның бірі ядролық қару қаупі туралы ескерту жасауы. Егер ядролық қару қолданылса Путиннің өзіне оқ жауатынын баса айтқым келеді. Өйткені, бұл Украинаға ғана емес, бүкіл әлемге жасалған шабуыл болып есептеледі», - деді генерал.