Bugin

1 шілдеден бастап «Алтын алқалы» аналардың жәрдемақысы өседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1 шілдеден «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған аналар жәрдемақысы 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артып,  ₸25 мың болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

«1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Бұл - ТМД аумағында алғаш рет қолданысқа енгізіліп отырған біртұтас әлеуметтік құжат. Кодекс адамның бүкіл өмір сүру кезеңін қамтиды. Атап айтқанда, туғаннан кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жаста жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру іс-шаралар, өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек, жасы ұлғайған шақтағы қолдаулар сияқты әлеуметтік қолдаудың бәрі осы құжат арқылы реттеледі», - деді министр. 

Министрдің айтуыша, Әлеуметтік кодексте көзделген қолдау іс-шараларының біразы жыл басынан бері көрсетіліп келеді.

Ал қалғаны осы жылдың 1шілдесінен басталады.

«Ана мен баланы қорғауды күшейту мақсатында біріншіден, жыл басынан бастап бала күтіміне байланысты күтімдер мерзімуі 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Бүгінде мұндай көмекті 450 мыңнан астам отбасы алды. Жыл соңына дейін 800 мыңнан астам отбасы қамтылады деп болжап отырмыз. Екіншіден, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған атаулы әлеуметтік көмек ақшалай берілуде. Жыл басынан бері мұндай көмек 171 мыңнан астам балаға көрсетілді. Жыл соңына дейін 212 мың балаға беріледі. Үшіншіден, 1 шілдеден бастап «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артып, 90 мың анаға төлене бастайды», - деді Тамара Дүйсенова.