Bugin

Желіде қазақ халқын балағаттаған қарағандылық әйел жазаланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Чат-рулетте қазақтар туралы балағат сөздер айтқан қарағандылық әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Бейнежазбаны полиция зерттеді. Осы факті бойынша ағымдағы жылдың 24 маусымында 45 жастағы қала тұрғыны анықталды, оған қатысты ҚР ҚК 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу шаралары жүргізілуде", - деді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін чат-рулеттегі қарағандылық әйел белгісіз адаммен әңгіме барысында, қазақ халқы туралы бейәдеп сөз сөйлеп, түрлі боқауыз сөздер айтқан болатын. Әңгіме Украинадағы соғыс және Украина Қырымының үлгісімен Қазақстанның Ресейге қандай да бір қосылуы туралы «референдум» өткізу мүмкіндігі туралы болды.