Bugin

Қазақстанға арыстан мен жолбарыстың күшіктері заңсыз әкелінбек болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ер адам Астраханьнан Қазақстанға екі арыстан мен екі жолбарыстың күшігін әкелмек болған, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Алайда шекара қызметкерлері көлікті тексеру кезінде заңсыз жүкті анықтады.

Telegram-арнасының мәліметінше, 60 жастағы ер адам "Қараөзек" бақылау-өткізу бекеті арқылы екі жүк таситын көліктің артқы орындығында жануарларды алып өтпек болған. Оның бұл жүкті тасымалдауға рұқсаты болмаған.

Ұсталған ер адамның айтуынша, ол Шешенстаннан үш айлық арыстан мен жолбарыстың күшігін сатып алып, Қазақстандағы жеке хайуанаттар бағына сатпақ болған.