Bugin

Мырзағали Айтжанов допинг дауына іліккен боксшыларға қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов допинг дауына іліккен боксшылар – Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серікке қатысты пікір білдірді, деп жазады Bugin.kz порталы sportpress.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл өзі бұрын болған жағдай. Неге десеңіз, тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Қаңтар айында Ұлттық допингке қарсы орталық Саматәлі Төлтаев пен  Абзал Серікті допингке тексергенде, олар сынамадан өте алмаған", - деді Мырзағали Айтжанов.

Бас бапкердің айтуынша, бұл жағдай ұлттық құрамада ғылыми топ болмаған кезде болған. Спортшылар ережені сақтамай жүре берген.

Мырзағали Айтжанов ұлттық құрамадағы бүгінгі ахуалға тоқталды.

"Біз қазір бәрін өзгерттік. Боксшыларға тыйым салынған дәрі-дәрмектер, дәрумендер ішпеңдер деп айтамыз, ескертеміз. Ең алдымен, ескертеміз. Ұлттық құраманың дәрігері Ирек Сатов ескерту жасайды, ғылыми топтың басшысы Ғалия Билялова спортшылармен семинар өткізеді. Сосын боксшылар оқу-жаттығу жиындарында допингке тексеріледі. Оларға тағы да ескерту жасалады", - деді ұлттық құрамасының бас бапкері.