Bugin

Атырауда поезд бен жолаушылар мінген автобус соқтығысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырауда пойыз жолаушылар автобусына соқтығысты.

Оқиға 11 шілдеде сағат 14:00 шамасында болған. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Рауан көшесі бойындағы теміржол өткелінде №2 бағыттағы пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысқан. Автобус жүргізушісі белгіленбеген орыннан жолды кесіп өтпек болған.

Қазіргі уақыта автобустағы жолаушылардың жағдайы қалыпты екені айтылды.