Спорт

Месси: «Криштиану «Реалда» болған уақытта жүлделерді жеңе отырып рахаттанатын едім»

Екі алыптың арасындағы бәсеке туралы бірер сөз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Леонель Месси Криштиану Роналдудың «Ювентусқа» ауысқанына өкініш білдірді. Себебі, Роналду «Реал» сапында ойнаған кезде, Лео үшін жеңістің дәмі өзгеше болған екен. Бұл туралы Лео Месси Club 947FM-ға сұхбат барысында айтты.

«Криштиануға қарсы ойнау қиын болғанмен, маған ұнайтын. Ол Мадридте болғанда мен жүлделерді ұтқанымнан рахаттанатын едім. Ол әлі де сол жерде болғанда жақсы болар еді», – деп мәлімдеді аргентиналық ойыншы.

Бұдан бөлек Месси әлемнің үздік ойыншыларын атап өтті: «Неймар, Мбаппе, Суарес, Азар секілді өте жақсы ойыншылар бар. Мен Роналдуны бұл тізімнен алып тастадым. Ол менің қасымда».