Bugin

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық 25 жылдан соң анасымен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қара бүркіт түрмесінде енгізілген жаңа өзгеріс бойынша, өмір бойына бас бостандығынан айырылған азамат 25 жылдан соң анасымен кездесті.

Биыл 17 наурыздан бастап аталған қауіпсіздік мекемесінде "ұзақ мерзімді кездесулер" тармағы қосылған еді. Сондай-ақ, олар үшін арнайы бөлме жабдықталған.

Ал бұрын сотталғандар туыстарымен тек қатаң режимде кездесетін болған. Алайда соңғы қабылданған ережелер әлеуметтік және отбасылық байланыстарды нығайтуға ерекше ықпал етуде. Осының арқасында сотталғандар жақындарымен байланысын жоғалтпай отыр.

Айта кетейік, сотталған Х. есімді азамат №39 түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрғаны үшін жазасын өтеуде.