Bugin

Ер адам әйелді пышақтап, видеосын Facebook-ке жариялаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Американың Сан Матео қаласында ер адам әйелді пышақтап өлтіріп, видеосын Facebook-ке жариялаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN агенттігіне сілтеме жасап.

Таяуда Сан Матео полициясына қоңырау түскен: хабарласқан адам Facebook-те әйелге пышақпен шабуылдап жатқан сәттің куәсі болғанын айтқан.

Сондай-ақ, ол полицияға видеоны әлеуметтік желіге салған адамның аты-жөні мен телефон нөмірін берген.

Телефон нөмірін тексеру барысында оның Сан Матеодағы тұрғын үй кешендерінің бірінде екені анықталған.

Кейінірек Сан Хосе қаласында 39 жастағы күдікті Марк Мечиков тұтқындалды.

Полицейлердің айтуынша, оның әйелге не үшін пышақ ала жүгіргені белгісіз.

Күдікті қашып кеткен, бірақ полицейлер оны марқұмның мәйітін тапқаннан кейін екі сағат ішінде ұстады.

Полицияның мәліметінше, ол өлтірген адамын таниды.

Оған қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды.