Bugin

Қазақстандық ару Универсиадада алтын алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальді жеңіп алды.

Таэквондошы Рита Бакишева 46 кг салмақ дәрежесінде Тайпейдің өкілі Хуан Ин Суанды ұтып, Универсиада чемпионы атанды.

Әуелі Сұңғат Жұбатқан 66 келі салмақта күресіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңіске жетті.

Одан кейін кілемге 73 кг салмақ дәрежесінде шыққан  Асқар Нарқұлов Қазақстан құрамасына екінші қола медальді сыйлады.