Bugin

Роналду баспен гол салу бойынша рекорд орнатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Португалия құрамасы мен саудиялық "Аль-Нас" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ресми матчтарда баспен соғылған гол саны жөнінен рекорд орнатты.

Сhampionat.com сайтынан мәлім еткеніндей, португалиялық ойыншы клубтық араб чемпиондары кубогының топтық бәсекесінде «Монастирмен» өткен бәсекеде (4:1) гол соқты.

Осылайша, Роналду ресми ойындарда баспен 145-гол соғып, кезекті рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін үздік көрсеткіш неміс шабуылшысы Герд Мюллерге (144) тиесілі еді. Испаниялық Карлос Сантильян (125) үшінші орында.

Роналду «Аль-Наср» командасында биылғы қаңтардан бері доп теуіп келеді. Келісімшарт 2025 жылға дейін есептелген. Өткен маусымда Криштиану 20 матчта 14 гол енгізіп, екі нәтижелі пас берді.