Bugin

Көпқабатты тұрғын үйден өрт шықса не істеу керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы, полковник Ерлан Әлібеков пәтерде өрт болған жағдайда не істеу қажет екенін айтты.

Спикердің айтуынша, Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде өрт шыққан кезде тұрғындар үрейге бой алдырып, дүрбелеңге түскен.

"Мұндай жағдайда үрейге бой алдырмай, тыныштық сақтау керек. Өз бетінше эвакуация жасап, көшеге шығуға тырысқан жөн. Егер өрт шығуға мүмкіндік бермесе, мақта-дәке таңғышын қолданып, пәтер есігінен ең алыс жер – таза ауа ағыны бар балконға шыққан дұрыс. Онда түтінді сыртқа шығармау үшін есікті мықтап жауып, дымқыл шүберектерді қолдану керек. Кейін балконда көмекті күте тұруға болады", - деді Ерлан Әлібеков.

Еске салайық, кеше Алматыда 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік. Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді. 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген.

Сонымен қатар, адамдарды құтқаруға көмектескен түрік азаматы туралы жазған едік.