Bugin

Астанада 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап, мерт болды

bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанадағы мектепте 10 жасар оқушының үстіне футбол қақпасы құлап, қайтыс болды. Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасына сілтеме жасап Bugin.kz порталы хабарлайды. 

«10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталуда. Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады»,-  делінген хабарламада.