Bugin

Шымкент: Дүкеннен гүл шоғын ұрлаған "қарақшының" кім екені анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте дүкеннен гүл шоғын күшпен алып кеткен ер адам аудандық полиция басқармасының бұрынғы қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР ІІМ telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 8 мамырында ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Ол 1989 жылы туған Б. есімді азамат. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер.

Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.

Бұл жайтқа қатысты Тұран АПБ-да ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен «Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау» сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат ағымдағы жылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.

Ал екінші бейнежазбадағы жағдай бөлек оқиға. Видеода көрсетілгендей, ақ футболка киген адам үстелден қайшыны алып, гүл сатушыға қарай бет алады. Бұл жайт 8 тамыз күні болған. Аталған жағдайға қатысты полицияға сатушыдан ешқандай арыз түскен жоқ. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында анықталды.

Полиция қызметкерлері бұзақыны анықтап, Тұран АПБ-на жеткізді. К. есімді азамат 1990 жылы туған Түркістан облысының тумасы болып шықты. Шымкент қаласында тұрады. Оның әкесі – 1952 жылы туған зейнеткер. Бәйдібек ауданында тұрады.

Ер адам сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына («Ұсақ бұзақылық») сәйкес 7 тәулікке қамауға алынды.