Bugin

Президент Prometheus school мектебіне барды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Prometheus school мектебіне барды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

"Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр" делінген хабарламада.

Тоқаев Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.

 

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, былтыр Daryn.online компаниясы Prometheus School жекеменшік мектебінің үлескері атанған еді