Bugin

Ақтауда жасөспірім қыз бен көпбалалы әке суға батып қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда екі демалыс орнында жасөспірім қыз бен көпбалалы әке суға батып кетті.

Lada.kz мәліметінше, қайғылы жағдай жексенбі, яғни 20 тамызда болған.

"Монтажник" демалыс орнында сағат 11.47-де 14 жастағы қыздың суға батып кеткен анықталды.

Екінші қайғылы оқиға жақын маңдағы "Бриз" демалыс орталығында болды. 36 жастағы ер адам сағат 18.00 шамасында суға батып кетті», - делінген жедел жәрдем хабарламасында.

Әоеуметтік желіде марқұмның бес баланың әкесі екені хабарланды.

Екі жағдайда да өлім дәрігерлер келгенге дейін болған.