Футбол

Погба өз болашағын анықтады

Әлемнің ең қымбат ойыншыларының бірі алдағы жылы клубын ауыстыра ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кезінде әлемнің ең қымбат ойыншысы атанған француздық жұлдыз Поль Погба өз болашағын "Манчестер Юнайтедпен" байланыстырмайды. Өзіне ұсынылған келісімшарттан бас тарту арқылы ол өзін мадридтік "Реалдан" көруді жоспарлайды.

Бұған дейін де Погбаның кетуі Моуринью бас бапкер болып тұрғанда орын алуы тиіс еді. Алайда португалдық маман кеткен соң көпшілік оны қайта қалады деп ойлаған. Дегенмен француз ойыншысы өз еркімен Зиданның құрамасына ауысуды аттай қалап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы күндері "Реал" Погбаны 145 млн евроға сатып алады деген сыбыс тараған еді.