Bugin

Ұзақ жылдық тәжірибесі бар мұғалімдердің еңбегі бағаланады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өмірін мұғалімдікке арнап зейнетке шыққан ұстаздар «Еңбек ері» медалімен марапатталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоға ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, марапатқа ие болмаған мұғалімдер туралы өтініштер жиі түседі екен.

Әрқайсымыз үшін ұстаз – өмір жолымызды анықтайтын, жеке тұлға болып қалыптасуға өз үлесін қосатын адам. Ол бүкіл ұрпақты оқытады және тәрбиелейді... Сондықтан Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласында 30 жыл және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар мұғалімдерді "Еңбек ардагері" медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады, - деді Ғани Бейсебаев республикалық Тамыз кеңесінде.

Министр Қазақстанды жиі аралап, қарапайым мұғалімдермен кездесетінін де атап өтті.

Бәрі "70 жастан асқан ұстаздар тіпті министр мен білім басқармасынан бір жапырақ алғыс хат алмай-ақ зейнетке шықты" дейді. Әділдік орнауы керек. Мұғалімнің жұмысын бағалау қажет. 25-30 жыл – үлкен еңбек. Өйткені ұстаз саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнайды. Сондықтан министр ретінде мен зейнетке шыққан барлық мұғалімді "Еңбек ардагері" медальмен марапаттауды өз міндетім деп санаймын.

Қазір тапсырма берілді. Біз зейнет жасындағы және зейнетке шыққан мұғалімдерге алғыс айтуымыз керек. Олар медальмен марапатталады, - деді ведомство басшысы.

Оның айутынша, алдағы уақытта бұл жұмыс автоматты түрде жүргізіледі, яғни зейнетке шыққан кез келген мұғалім бірден марапатқа ие болады.