Bugin

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды", - делінген хабарламада.

Сапар аясында президенттер екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.