Bugin

"Анама көмектесіңіздерші": Қарағандыда анасын ұлының көзінше қарақшы ұрып тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бала телефон камерасына шабуылдаушыны түсіріп үлгерген. Видеода қорыққан баланың көмек сұраған дауысын естуге болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Вечерняя Караганда басылымына сілтеме жасап.

"Біреуің көмектесіңдерші! Анамды ұрып жатыр", - деп айқайлайды видео авторы.
Басылым белгісіз ер адамның қала тұрғынына ауласында шабуыл жасағанын жазады. Әйелді ұрып жатқан адам үйге баса-көктеп кіріп, тонамақ болған деген болжам бар.

"Полицейлер көшелерді аралап, қаскүнемді іздеп жатыр. Жаяу патрульдер мен көлік бригадалары да бар", - делінген жазбада.

Ал видеоның астында баланың анасына көмектеспей, бірден камераға түсіргенін қолдамаған пікір білдірушілер бар.

"Сыртқа шығыңыз, көршілеріңізге жүгіріңіз, полиция шақырыңыз. Инстаграм арқылы сізге кім көмектеседі?", - деп жазады кейбіреулер.
Дегенмен, көпшілігі бала мен оның анасының қандай қорқынышты жағдайда қалғанын түсінуді сұрады.

"Видеодан көріп тұрғандай есіктер жабық! Бейшара әйел мен ұлы, бұл қылмысты видеоға түсіргені жақсы болған, "Баланы айыптауға тыйым саламын", "Әйелде бәрі жақсы деп үміттенемін", "Жасөспірімнің дауысында үрей мен қорқыныш бары көрініп тұр ғой", - деп пікір қалдырғандар да бар.