Bugin

Гүлмира Әбіқай Талғат Рысқұлбеков туралы тың мәлімет айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде "Қызыма орамалмен білім алуына рұқсат етпесе, Шешенстанға көшемін" деген Талғат Рысқұлбеков туралы мәліметпен бөлісті.

Бұл туралы Bugin.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналист Талғаттың анасымен бірге Қайрат Рысқұлбековтың бейітіне барғанын еске алды. Оның айтуынша, Талғат Рысқұлбеков білімді, сөзі өтімді болған, кезінде талай шенді одан аяқ тартқан.

"Мен журналистиканы бастағанда қандай от жігіт еді.  Ел, жер, рух деп тұрған.  Талай шенді оның мысынан қорқатын. Семейдегі марқұм  Қайраттың басына алғаш барған сапарына мен ілестім. Анасы топырақты құшып аңырады, Талғаттың аузынан шыққан сөздер мірдің оғындай, сөз емес ұрандай айтылды. «Бұл мына түрімен екінші 86-ны бастайды. Қайраттың туған інісі ғой, дегенмен… 20 жыл бұрынғы бәленшенің плавный жоспары өз нәтижесіне жетіпті", – деді Гүлмира Әбіқай.

Еске салайық, министр жекеменшік мектепте хиджаб кию мәселесіне пікір білдірген еді.