Bugin

"Қазақстан темір жолы" директорлар кеңесінің жаңа төрағасы жайлы не белгілі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Фото: qsamruk.kz

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Айдар Қайратұлы - "Самұрық-Қазына" АҚ экономика және қаржы бойынша басқарушы директоры, басқарма мүшесі. Бұған дейін ол төрт жыл "Самұрық-Энерго" АҚ-да Экономика және қаржы бойынша басқарушы директор, басқарма мүшесі болған.

Айдар Рысқұлов Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған, Назарбаев Университетінің МВА магистрі дәрежесі бар. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, Халық банк, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" АҚ-да жұмыс істеді. Жеті жыл бойы Т.Рысқұлов қорында қаржы активтерін басқару директоры, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры қызметін атқарды.