Bugin

Шымкентте ер адамның ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Шымкентте жанармай құю бекетінен дизель ұрлаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жанармай құю бекетінің қоршауынан канистр көтеріп өтіп бара жатқан ер адамды полицейлер бейнебақылау камераларынан байқап қалған. Оқиға орнына бірден жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары мен Абай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жіберілді.

Жақындап келе жатқан полиция көлігін көрген күдікті дизель отынының канистрлерін шөпке тығып қойған. Содан көлігінің капотын ашып, оны жөндеп жатқандай кейіп танытыпты.

"Күдікті полиция басқармасына жеткізілді. Сол жанармай құю бекетінде газ құюшы болып жұмыс істейтін ер адамда қойманың да кілті болған. Ұрлық жайтын Абай аудандық полиция бөлімінің анықтаушылары тергеп жатыр. Жақында қылмыстық іс сотқа жіберіледі", - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.