Bugin

Шоу кезінде екі ұшақ соқтығысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Tengritravel.kz (видеодан алынған кадр)

АҚШ-тың Невада штатындағы Рино қаласында шоу кезінде екі ұшақ соқтығысты, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуе апаты туралы Рино қаласының Әуе жарысы ассоциациясының әлеуметтік желідегі парақшасында X жарияланды.

"Рино қаласының Әуе жарысы ассоциациясы шамамен 14:15-те (Астана уақыты бойынша 17:15-те) біздің жарысқа қатысушылар - Ник Мэйси мен Крис Рашинг ұшақты жерге қондыру кезінде соқтығысып, салдарынан екеуі де қаза тапты", - делінген хабарламада.

Ассоциация Көліктегі ұлттық қауіпсіздік кеңесімен бірге және жергілікті билік өкілдері, сондай-ақ АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасымен бірге тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.