Bugin

Белгілі композитор кісі қолынан қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Аталған дерек Алатау аудандық полиция басқармасына тіркеліп, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", – дейді полицейлер.

Еске салайық, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында композитордың 4 қыркүйекте «Шаңырақ» шағынауданында жігіттермен төбелесіп, алған жарақаты салдарынан жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тарады.

Өнер иесі 19 қыркүйекте қайтыс болған.