Bugin

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлап, үсік болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

24 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды   Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 24 қыркүйек, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.