Bugin

Бүгін кей өңірлерде үсік жүріп, қар жауады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

Қазгидромет синоптиктері 26 қыркүйек, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары.