Bugin

Илон Маск АҚШ-тың ең бай тұрғыны аталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

fishki.net

SpaceX және Tesla компаниялары иегерінің дәулеті 251 млрд долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды Bugin.kzпорталы Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.

Forbes журналы жыл сайын тізімдейтін АҚШ-тың 400 бай азаматының қатарында Илон Маск қайта көш бастап тұр.

И.Масктың былтырғы дәулетінің көлемі де 251 млрд долларға шамалас еді. Ол сол кезде де аталған тізімді бастап тұрған болатын.

Екінші орынға Американың Amazon корпорациясын құрған Джефф Безос (161 млрд доллар) орналасқан. Үшінші позицияда – Oracle корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж (114 млрд доллар).

Ал Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтс 111 млрд доллармен алтыншы орында тұр.