Bugin

Алматыда самокат мінген 13 жасар баланы жүк көлігі қағып мерт қылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

 Алматыда самокат жүргізіп келе жатқан жасөспірімді жүк көлігі басып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Кісі өліміне әкелген жол апаты бүгін сағат 15:55-те Алматының Тимирязев көшесінде болған. 

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.  

"Howo" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, оңға бұрылғанда самокатпен батысқа қарай жүріп бара жатқан 2010 жылы туған Ж. есімді баланы қағып кетті. Алған жарақатының салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды", — деп хабарлады полициядан.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды.