Bugin

Путин Мирзияевпен кездесу кезінде ыңғайсыз жағдайға тап келген видео тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: stan.kz

Ресейдің Президенті Өзбекстанды Дағыстанмен шатасытрды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігі таратқан видеода Путиннің Мирзияевке қайрылып "Ресей-Дағыстан байланысын дамытуға жеке қатысқаныңыз үшін алғыс айтқым келеді" деді.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, кейін Путиннің баспасөз қызметі Кремль сайтындағы стенограммада "Дағыстанды" "Өзбекстанға" өзгерткен.

Кремль әлеуметтік желідегі парақшаларында бұл сәттен видео жарияламады.

Бұған дейін Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонның атын айтқан кезде шатысқан.

Өзбекстан және Ресей президенттерінің баспасөз қызметтері бұған түсініктеме бермеді.

5 қазанда "Валдай" пікірталас клубының отырысында Владимир Путин осы айдан бастан Ресей Өзбекстанға газ тасымалдай бастайтынын мәлімдеген.