Bugin

Елімізде қанша оқушы орамал тағатыны үшін мектепке бара алмай жүр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Бұл сұрақ бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер министрге оқу жылы басынан бері Атырау облысында 150-ден астам оқушы хиджаб киетіндіктен мектепке бармайтыны жөнінде ақпарат барын айтқан. Тілшілер бұл мәліметтің рас-өтірігін министрден білмек болды. Бейсембаевтан ел бойынша жалпы статистиканы сұрады.

"Қыркүйек айының басында 150-ден астам оқушы болды (хиджаб киіп, мектепке бармайтындар). Сіздер мектеп балаларға ең алдымен, сапалы білім мен тәрбие алуы үшін керектігін жақсы түсінесіздер. Сондықтан ата-аналардың көпшілігі осыны түсініп, қабылдай бастады. Қазіргі уақытта мұндай сұрақтар жоқ. Басқа аймақтар бойынша [деректер] орамал тағатын оқушылардың саны бойынша деректі қарау керек. Маған берілген ақпарат бойынша мұндай оқушылар жоқ", - деп жауап берді министр.