Bugin

Екібастұзда күйеуін пышақтап өлтірген әйелге қандай жаза тағайындалды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Екібастұз қаласында күйеуін пышақтап өлтірген дәрігер әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ алқабилер жазаны өтеу мерзімін кейінге шегеруге шешім қабылдады, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Сотта дәрігер әйел қажетті қорғану шегінде әрекет еткенін алға тартып, өзін ақтауды сұрады. Бірақ алқабидің оның Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша кінәлі деп таныды.

Жаза тағайындау кезінде сотталушының алғаш рет қылмыстық жазаға тартылып отырғаны және оң мінездемесі ескерілді. Қолында сәбиі де бар. Бұдан бөлек, қайтыс болған күйеуінің мінез-құлқы назарға алынды. Ол алкогольдік масаң күйде жүкті әйелін бірнеше рет ұрған.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігі қолданылып, А.-ға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Сотталған әйел 2023 жылы туған баласын тәрбиелеп отыр. Осыған байланысты үкімді орындау 5 жылға кейінге шегерілді.