Bugin

"Әкеңді өлтірдім, сен де өлесің". Ер адам әйелін 5 сағат бойы сабаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Әйелінің әкесін өлтірген ер адам әйелін бес сағат бойы қинап, сабап ұстаған,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Өзбекстанда орын алған. Күйеу баласы өз қайын атасын өлтіріп қойған. Онысымен қоймай, әйелін бес сағат бойы қинап, ұрып, сабаған. 

Ол екеуі 2017 жылы отбасы құрады. Бір балалары бар. Алайда, екі жылдан кейін ажырасып кетеді. 

Оқиға қазан айының сегізінде орын алған. Ер адам әйелді үйіне қинап алып келіп, ұрған. Сосын пышақпен бетін тілгілеген. Және әйелдің әкесін өзі өлтіргенін де айтып, оны да өлтіретінін айтып қорқытқан.