Bugin

Қазақстанда отбасына күн көрсетпейтіндерге қандай жаза енгізіледі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

ҚР Ішкі істер министрлігі отбасылық зорлықшыларды өз үйлерінен қууды ұсынады, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Руслан Қаржаспеков 1 шілдеден бастап елде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін еске салды.

Содан бері құқық қорғау органдарына осындай фактілер бойынша 27 мың өтініш келіп түскен, оның 8%-ы есептен шығарылған.

"1 шілдеге дейін олардың үлесі 60% болды. Енді әкімшілік іс қозғалады, бұл тұрмыстық жанжалдар туралы өтініштердің 92%-ын құрайды", – деді ол.

Қаржаспеков ведомство заңнамаға жаңа түзетулер енгізетінін айтты.

Отбасылық зорлықшыларды қоғамдық жұмыстарға жегу және үйлерінен қуу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ІІМ оларға ішімдік ішуге тыйым салғысы келеді және психокоррекциялық тренингтерден міндетті түрде өтуді енгізбек.

Бүгінгі таңда материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамдарға дене жарақаты фактілері бойынша 49 сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот шешімі бойынша 6 мың құқық бұзушы қамауға алынды. Сондай-ақ, сотта 13 мың отбасы татуласты.