Bugin

Алматыда ерегес үстінде пышақ кезеген адамның видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматыда бизнес орталықтың алдында сөзге келіп, ерегісіп қалған екі ер адамның бірі пышақ алып шығып, қарсыласын қорқытты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге шықты.

Ондағы жазбада Медеу ауданында орналасқан "Арай" бизнес орталығында ер адамның пышақталғаны жазылған.

Алайда, қалалық полиция департаменті аталған оқиға бойынша полицияға ешкім хабарласпағанын мәлімдеді.

"Оқиғаны Медеу ауданының полиция басқармасы тексеріп жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.