Bugin

Адам ағзасын сатқан 22 адам ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:pexels.com

Алматы облысының полиция департаменті прокуратураның бірлесуімен адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz  порталы Polisia.kz сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері Алматы қаласы мен облысы, Жамбыл және Түркістан облыстарынан күдікті 22 адамды ұстаған. Қылмыстық істі ұйымдастырушылардың арасында дәрігер, нотариус қызметкерлері мен донорлар бар.

“ҚР Қылмыстық кодексінің 116-бабы бойынша ("Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою") сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - делінген полиция мәліметінде.

Күдіктілер реципиенттер мен донорларды іздеп тапқан. Олар жалған құжаттарды ресімдеп,  ішкі органдардың трансплантациясы бойынша  жұмыстарды өзара бөліскен. 

Ағзаға мұқтаж адамдардың берген сомасы 6-10 миллион теңгені құраған. Осыған ұқсас тағы 8 оқиға анықталған. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді.

Видеоны осы сілтемеден көре аласыз.