Bugin

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 3 өңірде жол жабылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Ауа температурасының -4 градусқа дейін төмендеуі және қардың жоғарыдан ұйытқуына байланысты Астанадан шығатын автожол жабылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Кazinform сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, "Астана – Петропавл" республикалық маңызы бар автожолдың 18-234 шақырым аралығы, яғни "Астана – Щучинск" учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Еске салайық, 22 қазан күні сағат 20.00-ден бастап Ақмола облысындағы "Көкшетау – Атбасар" трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.

Сондай-ақ сағат 22.00-ден "Астана – Көкшетау" автожолында ("Астана – Щучинск – Көкшетау") шектеу енгізу жоспарланып отырғаны айтылған.

Кейін қар мен жол бойының көріну нашарлығына байланысты "Көкшетау – Рузаевка" күре жолының екі учаскесі жабылды: біріншісі – Ақмола өңірінің шекарасынан Рузаевка ауылына дейін (СҚО территориясы), екіншісі – Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін (Ақмола облысының территориясы).