Bugin

Ақтауда көршісінің қандала улағанынан екі бала қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Ақтауда белгісіз заттан екі бала уланып қайтыс болды, деп хабарлады   bugin.kz порталы  inAktau сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының полиция департаменті ақпаратты растады. Қайғылы оқиға туралы полицияға 21 қазан күні таңғы сағат 8:50-де хабарланған.

7-шағын аудандағы 14-ші үйге жедел-тергеу тобы барды.

"Жағдайды анықтау барысында пәтерден 2021 және 2022 жылы туған кәмелетке толмаған балалардың мәйіті табылды. Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды. Оқиға орнында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары болды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Жедел қызметкерлердің мәліметінше, төменгі қабаттағы пәтердің иесі үйдегі қандаланы улаған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын және толық ақпарат дүйсенбі күні шығатынын хабарлады.

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, оларға екі бала жеткізілген.

"2017 жылы туған бала өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. 2015 жылы туған бала бөлімде ем қабылдап жатыр, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады аурухана.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі 21 қазанда үш адам жеткізілгенін хабарлады. Дәрігерлер оларға шұғыл көмек көрсетті. Зардап шеккендер ауруханаға жатудан бас тартқан.