Bugin

Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Индонезия, Мексика және Латвиядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;  

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Президенттің Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.