Bugin

Алматыдағы арнайы операция: ірі көлемде марихуана тәркіленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz

Алматының Наурызбай ауданында есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізілді, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Полицейлер Жамбыл облысынан таксимен келе жатқан 45 жастағы азаматты қалаға кіре берісте ұстады.

"Д.есімді азаматты жеке тінту барысында оның жол сөмкесінен құрамында ерекше иісі бар, қара-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған бума табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы екі келіге жуық болатын марихуана есірткі заты екені расталды", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Одан бөлек күдіктінің тұрғылықты жерінен тағы 970 грамм марихуана табылды. Қазір ол қылмыстық іс ҚР Қодексінің 297-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.