Спорт

Элизабет Тұрсынбаева бір маусымда қанша қаражат тапты?

Мәнерлеп сырғанаушының табысы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал ресейлік «Советский Спорт» сайты мәнерлеп сырғанаушылардың 2018/2019-жылдың маусымында қанша қаражат тапқанын есептеп шықты. 

«Мәнерлеп сырғанаушылардың табысы футбол ойыншыларындай жоғары емес, дегенмен сондай аз қаражатқа да жатпайды" – делінген мақалада.
Бір маусымда мәнерлеп сырғанаушы ең көп дегенде 175 мың доллар таба алады. Бұл егер барлық сайыстарды жеңсе берілетін қаражат. Сонымен қатар олардың шоу бағдарламадан, жарнамадан табатын қаражаттары тағы бар.
Біздің мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ең көп қаражат тапқан үштікке еніп отыр. Бірінші орында Ресей, екінші орында Жапонияның мәнерлеп сырғанаушысы тұр. 
Элизабет бұл маусымда 67 мың доллар тапқан. 47 мың долларды Әлем чемпионатында тапса, 16 мыңды Еуропа біріншілігінде, сондай-ақ 2 мың доллардан гран-при мен турнир сериялары үшін алған.