Bugin

Газа секторындағы қазіргі жағдай қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: © AFP 2023 / Khaled Desouki

Израиль билігі байланыс пен интернетті толығымен өшіргеннен кейін Газа секторында интернет қосыла бастады, деп хабарлады  Bugin.kz  порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

"Керемет жаңалық: Газадағы анаммен хабарласып, оның дауысын естідім. Байланыс нашар, бірақ бар. Енді әркім өз отбасы мүшелерімен сөйлесе алады?" – шолушы Маджед Абусаламның X әлеуметтік желісіндегі хабарламасынан үзінді келтірді.

Жұма күні палестиналық Jawwal телекоммуникация компаниясы Газа секторындағы байланыс пен интернет қызметтері толық ажыратылғанын растады.

Кейінірек Палестинаның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Исхак Садр РИА Новости агенттігіне Израиль билігі халықаралық ұйымдардың тексерісіне қарамастан Газа секторында ұялы байланыс пен интернет қызметтерін қайта қосудан бас тартқанын хабарлады.