Bugin

Костенко шахтасында зардап шеккендер саны тағы өсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: © Sputnik / Стрингер

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Сырым Шәріпханов шахтаға түсіп, өрт болған және шахтерлер қаза тапқан орындарды аралап көрді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі орталық штабының Қарағанды ​​филиалынан барлығы 55 тау-кен құтқарушысы мен 15 техника жұмылдырылған.

"Жедел медициналық көмек көрсетуге 21 адам мен 7 жедел медициналық техника тартылды. Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша қаза тапқан 42 адамның мәйіті табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасуда", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.