Bugin

Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Sports.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Grand Swiss 2023 турнирінде қытайлық Тан Чжунгиді жеңді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жеңісінің арқасында Асаубаева 4,5/5 ұпай жинап, жарыста көш бастады. Айта кетейік, Чжунги - әйелдер арасындағы 16-шы әлем чемпионы.

"Мен турнир кестесіне назар аудармауға тырысамын, өз стилімде ойнаймын. Қалай ойнайтынымды білемін. Бірақ бүгінгі ойын қызық болды. Мен оның бірнеше жүрісінен кейін жағдайым нашар деп ойладым. Дегенмен қандай шешім қабылдау керек екенін түсінбедім. Жай ғана ойнай бердім. Уақыт аяқталуға жақындағанда ғана керемет шешімдер қабылдап, нәтижелі жүрістер жасадым", - деді Асаубаева ойыннан кейін.