Bugin

Роналду ойында төрешіні ауыстыруды талап етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: sportishka.com

Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубында өнер көрсететін шабуылшы Криштиану Роналду Король кубогы матчы кезінде төрешіні ауыстыруды сұрады. Бұл туралы Bugin.kz порталыTengri Sport-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Португалиялық 38 жасар футболшы 1/8 финалдағы "Әл-Иттифакқа" қарсы ойында 120 минут бойы ойнап, сары қағаз алды.

Роналду тағы бір эпизод үшін ескерту алуы мүмкін еді. Бірінші таймның соңында Талиска гол соқты, бірақ төрешілердің араласуынан кейін гол есептелмеді.

Шиеленісті жағдай Талисканы шеттетуге әкеліп соқты. Ал Роналду матчтың төрешісін ауыстыруға ишарат жасады.

Оқиға видеосы мына сілтемеде.