Bugin

Алматыда мопедист бала отырған арбаны қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com 

Алматыда мопедист бала отырған арбаны қағып кетті, - деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

Оқырмандар Сәтбаев пен Брусиловский қиылысында мопедтің қатысуымен жол апаты болғанын хабарлады. Ол велосипед жолымен келе жатып, балалар арбасына соқтығысқан.

Алматы полициясы жол апатының 1 қараша күні сағат 20:25-те қаланың Бостандық ауданында болғанын хабарлады. 1999 жылы туған мопед жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойындағы веложолмен шығыс бағытта келе жатып, Брусиловский көшесінің қиылысында арбаны қағып кеткен.

"Арбада үш жасар қыз болған. Ол бірінші қалалық балалар ауруханасына көмек көрсету үшін жеткізілді. Оқиғаны Бостандық аудандық ІІБ қызметкерлері назарға алды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізушіге қатысты сараптама тағайындалып, шара қолданылады", - деді полициядағылар.